Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада «Білім және денсаулық» көрмесі өтті

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1159
Елордада «Білім және денсаулық» көрмесі өтті

Елордада білім-инновация лицейлері оқушыларының «Білім және денсаулық» атты көрмесі өтті.  Жас зерттеушілер пандемия туғызған түрлі проблемаларға ғылыми шешім іздеген. Әрі темекі өнімдерінің зиянын замандастарына дәлелдеуге тырысады.   Өйткені соңғы кезде оқушылардың   арасында да зиянды әдетке бой алдырғандар жиі кездеседі. Дарынды балалардың  тың жобаларымен танысу үшін  екі күнде 5 мыңнан астам оқушы келген.  "Балалар жылы аясындағы көрме енді өзге аймақтарда жалғасын табады",- дейді ұйымдастырушылар.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Адамның сапалы өмірін ұйымдастыру үшін әрине, білім мен денсаулықтың маңызының зор екенін оқушылар бала жасынан білгендері жақсы. Жас зерттеушілердің еңбектерін танытып,  ғылыми жобалар ретінде ұйымдастырып, кейін «Білім және ғылым министрлігі» жанынан жас ғалымдардың кеңесі де құрылды.    

А. Съезбек