Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейген

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
902
Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейген

Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейді. Автокөлік алып-сатарларының есебінше соңғы бірнеше айда бізден көлік сатып алғысы келетіндердің саны 10 есеге артқан. Оған себеп көрші Ресейде машина жасау зауыттары жұмысын тоқтатуы дейді. Әрі рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген. Ал, Қазақстанда құрастырылатын машиналардың бағасы әзірше сол қалпында. Ең арзаны 5 млн 700 мың теңге. Ресейліктердің де көз тігіп отырғаны осы арзан бағадағы отандық көліктер.

Евгений БИБЕР, АВТОКӨЛІК САЛОНЫНЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Ресей азаматтары бұған дейін де бізден көлік сатып алатын. Бірақ ол кезде лукс санатындағы қымбат көліктерді таңдайтын. Ал соңғы кезде ең арзан деген маркаларды көбірек таңдап жатыр. Бұл қарқынмен кете беретін болса, еліміздің автокөлік құрастыратын зауыттары бағаны бұлай арзан күйінде ұстап тұра алмауы мүмкін. Себебі автобөлшектер бізге де шетелден әкелінеді. Бағасы күн сайын көтеріліп барады.

Әзірге ресейліктер онлайн да, офлайн да тапсырыс беріп жатқан көрінеді. Егер олар жаппай сатып алуды бастайтын болса, кезекте тұрған отандастарымыз көлік алуды әлі де ұзақ күтуі мүмкін-дейді сатушылар.

Б. Сатуов