Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Г. Головкин С. Альварестен жеңіліп қалса карьерасын аяқтай ма?

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
672
Г. Головкин С. Альварестен жеңіліп қалса карьерасын аяқтай ма?

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, спорт әлеміне қатысты қандай ақпараттарың бар?

Кеш жарық! Дүниежүзілік бокс ұйымы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды рейтингтен шығарып тастады. Осы және өзге де жаңалықтар сәлден соң.

Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альварестен жеңіліп қалса карьерасын аяқтай ма? Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксшы шетел журналисіне берген сұхбатында айтты. Орта салмақта екі дүркін әлем чемпионы, 39 жастағы спортшы «Конеломен» үшінші рет жекпе-жекке шыққалы жатыр. Десе де, оған дейін екі былғары қолғап шебері жоспарланған кездесуде жеңуі тиіс.

Геннадий ГОЛОВКИН, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

Айқаста егер де жеңіліп қалсам ешқандай өкініш болмайды. Мен ересек адаммын. Мұндай жағдайларға қалыпты қараймын.  Осы деңгейге жетуге көмектескен адамдарға алғыс айтамын. Бұл кез келген боксшыға бұйыра бермейтін бақ. Не болса да - бәрі дұрыс. Егер біздің айқас өтіп жатса, бұл мен үшін өзіндік бір бонус болады. Өтпесе түкте болмайды, ештеңе өзгермейді.

Қанат Исламды Дүниежүзілік бокс ұйымы алғашқы жеңілісінен кейін рейтингтен шығарып тастады. Ол осы уақытқа дейін 28 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сін уақытынан бұрын аяқтады. Рейтингтің ақпан айындағы нұсқасында Қанат Ислам сегізінші орында тұрған еді. Отандасымызды тұғырдан тайдырған -британдық Джеймс Келли. Қазір бұл спортшы ұйым кестесінде көш бастап тұр. Бірінші орында-Хайме Мунгия, екінші сатыда- қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы.

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогінің финалына шықты. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. Тайландта өтіп жатқан жарыста отандастарымыз шешуші сында Үндістан құрамасымен кездеседі.  Құрамасы сапында Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бар.  Финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.

Қазақстанда жаңа футбол клубы пайда болды. Команданың аты – «JAS-SUNKAR». Ел чемпионатының екінші лигасында бақ сынайтын команда елорданың намысын қорғайды. Ақпарат көздерінің айтуынша, клуб №8 Балалар мен жасөспірімдер Олимпиадалық даярлау мектебінің орнын басады.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Лаура, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр