Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ШҚО ерекше челлендж басталды

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
806
ШҚО ерекше челлендж басталды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында ерекше челлендж басталды. Көпшілікті ұлттық киіммен жұмысқа келуге шақырып жатыр.Бастамаға жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйытқы болды. Челленджді мемлекеттік қызметтегілер ғана емес, мұғалімдер, студенттер және қарапайым азаматтар да қолдады. Айгүл Бәкімбаева әжесінен қалған ою-өрнегі қолмен тігілген камзолын киіп шықты. Бастамашылар ұлттық киімдерді Наурызға арнайы сатып алған. Ал біреулері оны тіктіріпті. Бір-бірін осылай ерекше қарсы алып, мерекемен құттықтады.

Марина ГАГАРИНА, ШҚО ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін біздің қыздарымыз ұлттық нақышта киініп келді, Наурыздың әр күніне қуанамыз, себебі көктемгі көңіл-күй. Әрі мереке қарсаңы. Бұл челленджді қолдаймыз. Елімізге бейбітшілік, жақсылық тілеймін. Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құтты болсын.


Ә. Дүкембаева