Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Ердоғанның әрекеті Ресей мен Түркияны жақындастырады - Сарапшы

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2113
ЭКСКЛЮЗИВ: Ердоғанның әрекеті Ресей мен Түркияны жақындастырады - Сарапшы

«Реджеп Тайып Ердоғанның кешірім сұрауы Түркия мен Ресейді жақындастырады». «Астана» арнасына сұхбат берген сарапшы Эдуард Полетаев осындай пікірде. Оның айтуынша, саясаткерлер әдетте кішірейіп, кеш болса да, кешірім сұрауға құлықсыз болып келеді. Сондықтан ол "Кремль өз позициясын өзгертіп, жібиді" деген ойда. Президент орынтағына келген уақыт аралығында Ердоған көптеген мемекеттермен қарым-қатынасын алшақтатып алды. Сондықтан енді бірқатар елдермен бейбітшілік орнатуға оқталып жатыр. Ресеймен ғана емес, соңғы 6 жылдан бері қырғи-қабақ болып келген Израильмен де байланыс орнатпақ,- дейді Полетаев.

Эдуард Полетаев, саясаттанушы:

Бұл Түркияда туризм саласының құлдырауымен ғана байланысты емес. Түркия - геосаяси мемлекет. Таяу Шығыс, посткеңестік елдер мен Еуроодақ елдерінің ортасында орналасқан. Түркия осылардың барлығымен ынтымақтастық қарым-қатынаста болуы керек. Алайда, соңғы кездері көршісі Ресеймен арадағы байланыс бұзылды.

Сарапшы екі алып мемлекеттің тату болғаны Қазақстан үшін де тиімді екенін айтады. Түркия да, Ресей де - біздің стратегиялық серіктесіміз. Екі оттың ортасында қалу өте қиын, сондықтан қос елдің ынтымақтастығы бізге өте ыңғайлы, - дейді сарапшы. 

Еске салайық, 2015 жылы қарашада Түрік әскери әуе күштері Ресейдің СУ-24 бомбардирін атып түсірді. Осы оқиғадан соң екі елдің арасына айтарлықтай сызат түсті. Кейін Мәскеу Анкараға қарсы санкциялар енгізген болатын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА