$510.06 €566.32 ₽6.32
×

"Жаңа облыстар жарты жылда құрылады",-министр

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1347
"Жаңа облыстар жарты жылда құрылады",-министр

Жаңа облыстар жарты жылда құрылады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың  айтуынша, қазір ұйымдастыру шаралары жүріп жатыр. Президент бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін орындауға тапсырма берген. Әрекеттер алгоритмі пысықталды, дейді. Аумақтық бөліністер талқыланып, облыстарды құру үшін қажетті қаражат есептелуде.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:


Бізде оған қажетті резерв бар. Қазіргі бюджеттің көлеміне сыйғызуға тырысамыз. Бірақ керек болса, қосымша ақша бөлінеді. Өйткені жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер пайда болады. Әкімдіктер, аудандар құрылып, штаттар саны бекітіледі. Оның бәріне резервіміз бар. Орталықтың, нақты айтқанда Мемлекет басшысының бастамасы болғандықтан, қажет болса республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлінеді.


Б. Сатуов