Латвия мемлекеті де Еуроодақтан
шығуды қалайды. Елдегі 2 мыңнан астам тұрғын тиісті петицияға қол қойған. Айта
өтейік, Латвия мұндай қадамға баруды
2012 жылдан бері ойластырып келеді. Егер Одақтан бөлінуді қалаушылар саны 10
мың адамнан асса, Сейм ұсынысты қарауға мәжбүр болады. Еске салайық, Латвия
Еуроодақ құрамына 2004 жылы енген.
Жуырда Ұлыбританияда референдум өткені
белгілі. Оның нәтижесі бойынша интеграцияға қарсы тарап жеңіске жеткен-ді.
Brexit-тен соң өзге елдер де одақтан шығу жайында ойлана бастады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА