Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Венгрия Еуроодақтан шығуға мүдделі емес - Венгрия елшісі

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2318
ЭКСКЛЮЗИВ: Венгрия Еуроодақтан шығуға мүдделі емес - Венгрия елшісі

«Венгрия Еуроодақтан шығуға мүдделі емес. Біздің Еуроодақпен болашағымыз бір». «Астана» арнасына сұхбат берген Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани осылай деп мәлімдеді. Ұлыбританияның Еуроодақтан бөліну жайлы бастамасына қатысты пікір білдірген Андраш мырза Венгрия референдумды қажет етпейтінін меңзеді. Оның пайымынша, Будапешт Еуроодақпен болашақты бірге қалыптастыруды қалайды.

Андраш Барани, Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшісі:

Біз 2004 жылдан бері Еуроодақтың құрамындамыз. Ондаған жылдарға созылған қажырлы еңбектің арқасында олармен одақтас болдық. Меніңше, ауқымды реформа жүргізу үшін жүйені сыртынан емес, ішінен өзгерткен тиімдірек. Сондықтан Еуроодақпен бірге ортақ болашағымызды қалыптастыру үшін бар күшімізді саламыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН