Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

2018 жылы Қазақстан халқының 95 пайызы сандық эфирлік телевизиямен қамтылады

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
1516
2018 жылы Қазақстан халқының 95 пайызы сандық эфирлік телевизиямен қамтылады

2018 жылға қарай халықтың 95 пайызы сандық телевизиямен қамтылады. Бұл жайында ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Бүгінде қазақстандықтардың 77 пайызы сандық телевизияны қарайды. Сондай-ақ, елде ұялы және ғаламтор байланысы дамып келеді. Бүкіләлемдік экономикалық форумның ғаламдық рейтингінде Қазақстан адам басына шаққандағы абоненттер саны бойынша жетінші орында. Жүйелі ғаламторы бар абоненттер бойынша 58-тармақта болса, мобильді интернетті қолданатын тұтынушылар бойынша 44-орында.

Қазір министрліктің мамандары жылдам ғаламторды ауылды аймақтарда енгізу бағытында еңбек етуде. Аталған ведомство ақпарат құралдарының жұмысын жетілдіруді көздеп отыр. Даурен Абаев тілшілердің беделін көтеру мен БАҚ өкілдері үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы сынды мысалдарды да атап өтті.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

Біз аймақтық БАҚ-тың дамуына мейлінше көңіл бөлеміз. Себебі өңірлерде бәсекелестікке ие бола алатын баспасөз құралдары жоқтың қасы. Маңызды мәселелер сирек қозғалады.

Абзал ҚҰРМАНКИН