$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Петропавлда суға батып кеткен 9 жасар қыздың мәйіті табылды

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
Петропавлда суға батып кеткен 9 жасар қыздың мәйіті табылды

Петропавлда суға батып кеткен 9 жасар қыздың мәйіті табылды. Жергілікті тұрғындардың бірі оның денесін өзен жағасынан тапқан. Атасымен бірге балық аулауға барған Виканың кенеттен суға құлап кеткенін кешегі жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Ағысы қатты өзен суы оны ағызып алып кеткен.

Бұл жағдай бүкіл Қызылжарды елең еткізді. Мыңға жуық адам 3 тәулік бойы өзен жағалауы мен маңайдағы орманды аралап шықты. Қазір отбасы мен туыстары кішкентай Виканы соңғы сапарға шығарып салуға әзірленіп жатыр. Жалпы, облыста жыл басынан бері 9 адам суға кеткен. Оның бесеуі - бала. 

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД бас маманы:

Қыздың денесі кеше кешкісін Петропавлдан 12 шақырым жердегі Ольшанка селосының маңынан табылды. Мәйітті жергілікті тұрғын байқап, бірден бізге хабар берген. Қызылжар маңында екі жерде ғана суға түсуге болады. Алакөл көлі мен Есіл жағажайларында. Бірінші шілдеден бастап жаңа ереже енгізілді. Осы аталған жерлерден өзге аумақтарда шомылған азаматтар 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. 

Абзал ҚҰРМАНКИН