Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада Наурыз тойы басталды

AstanaTV
19.03.2022ж. 20:00
1816
Елордада Наурыз тойы басталды

Елордада Наурыз тойы басталды.  Бас қаланың әр ауданында түрлі шаралар ұйымдастырылып,  думанды той өтуде.   Ұлыстың ұлы күнімен бір-бірін құттықтап,  мәре-сәре болған жұрттың көңілі көтеріңкі.

Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Ұлыстың ұлы мерекесін думандатуға жиналған халықтың  қарасы қалың. Асық атып, арқан тартып, білек сынасқан батырлар да, ән айтып, би билеген өнерпаздар да осында. Арқаның төсінен қар ызғары әлі кетпесе де, халықтың көңілінде көктем орнағанын байқадық.


Достың үйінің алдында этноауыл бой көтерген. Бірлігі жарасқан 21 этно-мәдени бірлестіктің өкілдері өнерлерін ортаға салып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Қуан НЫСАНБАЙ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өткен жылы пандемиядан екі жыл қатар болмай қалды. Биылғы халықтың қуанышы ерекше. Бәрі маскасын тастап. Бұл келіп жатқан жаңа жылымыз құтты жыл болсын! Қиыншылықтардың бәрі артта қалсын.  

Жиналғандарға  наурыз көже мен әр ұлттың түрлі тағамдары үлестірілді. Қолөнер шеберлері киіз үйде көрме жайса, балуандар қызыл кілемде белдесті. Жеңімпаздар сый-сияпаттан құр алақан қалған жоқ.   

Розалина МАХМҰДОВА, ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Наурыз мерекесін барша ұлыс, ұлт өкілдері қуанып қарсы аламыз. Қыстан аман шыққанымызға қуанамыз. Ұйғыр халқы жалпы барлық мұсылман халқы сияқты бірдей наурыз мерекесін тойлаймыз. Барша тағамдарды ортаға салып, наурыз көже дайындаймыз.  

 Жұрт бір-біріне жақсы тілектер айтуда. Ең бастысы-еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын дейді.  

А. Съезбек