Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралдық жастар тұрғындарды мерекемен құттықтады

AstanaTV
19.03.2022ж. 20:00
1545
Оралдық жастар тұрғындарды мерекемен құттықтады

Оралдық жастар қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен бұл жолы ерекше құттықтады. Қалалықтарға тосын сый жасап, таңқалдырғысы келген олар бұл шараға жол сақшыларын  жұмылдырды. Полиция жаппай тоқтатқан мәшинелердің ішінде қоғамдық көліктер де бар. "Қапелімде қандай жол ережесін бұздым?",- деп олар сасқалақтап қалуда.  Қызыл-жасыл болып жасанып киінген қыздар мен жігіттер жүргізушілердің қолына бауырсақ ұстатып, арнайы дайындаған наурыз көжеден дәм татқызды.  Жастардың тапқырлығына риза болған жолаушылар алғысын жаудырып, ақ батасын берді.  

Ерлік ШАМҒАЛИ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Полиция қызметкерлері тоқтатқан сәтте кейбіреулері куәліктерін іздеп, басқа бірдеме істеп, ременьдерін тағып деген секілді. Біздер барып оларға сізді наурыз мерекеңізбен құттықтаймыз деп ұсынып жатқан кезде мүлдем атмосфера ерекше болды. Күн салқын болса да, біз оларға көңілдеріне жылулық сыйлап, қуанта білдік.
 

Е. Карин