Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағандыда жазасын өтеушілер 57 келі торт пен 3 метр шұжық пісірді

AstanaTV
19.03.2022ж. 20:00
1408
Қарағандыда жазасын өтеушілер 57 келі торт пен 3 метр шұжық пісірді

Қарағанды облысында абақтыда жазасын өтеушілер Наурыз мейрамына орай 57 келі торт пен 3 метр қамырға оралған шұжық пісірді. Бұл сотталғандар арасында мерекеге орай ұйымдастырылған байқаудағы ең үздік жұмыс. Торттың ауырлығы сонша оны 4 адам әрең көтерді.  Оны әзірлеуге  150 жұмыртқа, 5 келі қант, 15 келі ұн, 3 келі сары май мен 12 литр сүт жұмсалған. Сөйтіп ол қызылша шырынымен,  жаңғақ, шоколадпен әрленген. Ал 3 метр қамырдағы шұжықты жіппен тізіп, екі бөліп пісіруге тура келген. Аспаздардың   айтуынша, торт пен шұжық сотталғандардың сүйікті тағамы, әрі отбасылық жылуды білдіретіндіктен дәл осы екеуін пісіруді жөн санаған.

Сандуғаш КЕНТАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АК159/20 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Ұлыстың ұлы күні құтты болып нанымымыз дәміміз көп болсын. Сіздерге жақсылық тілеймін.

Бекболат БУРЛИНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АК159/5 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Наурыз мейрамынан бір ай бұрын сотталғандар арасында ең үздік жұмысқа байқау жарияланған болатын. Мұның барлығы тәлім- тәрбие, түзету мақсатында ұйымдастырылады. Ең үздік жеңімпаздарды мекеме басшылығы марапаттайды.

А. Қуаш