$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бұқтырмадағы су тасқынынан зардап шеккен демалыс орындарына өтемақы берілмейді

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
2145
Бұқтырмадағы су тасқынынан зардап шеккен демалыс орындарына өтемақы берілмейді

Бұқтырмадағы су тасқынынан зардап шеккен демалыс орындарына өтемақы берілмейді. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшылығы осыны мәлімдеді. Айтуларынша, сауықтыру кешендері су қоймасының аумағына кірмейтін көрінеді. Өтемақының берілмеуіне де осы жағдай себеп болған.

Еске салайық, сәуір айында Бұқтырма су қоймасы тасып, сол маңдағы 30-ға жуық демалыс орындары бүлінген еді. Қазір олардың барлығының бизнесі тоқтап, жағажайлар мен ойын-сауық орталықтарына демалушылар келмей қойған. 

Виталий Чернецкий, ШҚО табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының орынбасары:

Су басқан кешендер, демалыс орталықтары су қоймасының аумағына кірмейді дейді. Әзірге мен нақты ештеңе айта алмаймын. Ол жерлердің қандай негізде берілетінін де білмеймін. Оны жеке-жеке анықтау керек.

Қазір Ертістегі судың деңгейін бір қалыпта ұстап тұру үшін, Шүлбі электр стансасы секундына 3 мың текше метр суды сыртқа шығаруда. Оның үстіне, Қытай шекарасындағылар да Ертіске құятын судың көлемін 4 есеге арттырып, 500 текше метрдің орнына 600-ден артық су жіберіп отыр. Сөйтіп, өзен арнасының сиымдылығы бүгінде шамамен 2 мың текше метрге жеткен. 

Құралай ПИОНЕР