$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Ақтөбеде сұйық газдың тапшылығы туындады

28 маусым 2016
1499
Ақтөбеде сұйық газдың тапшылығы туындады

Ақтөбелік жүргізушілер сұйылтылған газ таппай әлекке түсті. Бірнеше күннен бері аймақтағы газ құю бекеттері оны талонмен ғана үлестіруде. Қолма-қол ақшаға газ сатылатын бірлі жарым бекеттерде ұзақ сонар кезек. Мұндай жағдай өткен айда да орын алған. Жүргізушілердің айтуынша, ол кезде сұйық газ тапшылығы 2 күнге ғана созылған. Жер қойнауынан көгілдір отынды өздері өндіріп отырған Ақтөбе өңіріндегі газдың тапшылығы көпшілікті әбден әбігерге салған.

Асанхан Исжанов, жүргізуші:

50-60 литр құямыз. Сонымен 5-6 күн жүреміз. Бензин сияқты канистрге құйып алып, артымызға салып алып жүруге келмейді. Сондықтан осы бәленің барлығы осы. Жиналамыз да тұрамыз. Өзіміздің Жаңажолда шығып жатқан газбен проблема болмау керек қой. Басқа облыстарға қарағанда.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасы бұл жағдайдан хабардар. Құзырлы мекеме өкілдерінің айтуынша, әр облысқа ай сайын сұйылтылған газ белгілі бір мөлшерде бөлінеді. Ол энергетика министрлігімен реттеліп отырады. Маусым айында Ақтөбеге 4 мың тонна жанармай жеткізілген. Бірақ аймақта көліктердің бензиннен бас тартып, газға белсенді көшуі байқалады. Осыдан келіп сұраныс артқан. Облыс шенеуніктері шілдеде қосымша 200 тонна газ сұраймыз дейді. Болашақта жағдайды бақылауға алатынын жеткізді.

Амантай Бекниязов, Ақтөбе облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Біз қайтадан тағы бір рет мониторинг жасаймыз. Следующая защита бар ғой бізде. Августке сұраймыз ғой, июльде кетеміз. Оған 4 200 тонна бізге жетпейді деп, защитаға барып айтамыз. Сұраймыз. 

Мансұр ЕСҚОЖИН

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар