Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жұмыссыздық мәселесі «Нұр Отан» партиясының Атыраудағы филиалында талқыланды

AstanaTV
28.06.2016ж. 20:00
3207
Жұмыссыздық мәселесі  «Нұр Отан» партиясының Атыраудағы филиалында талқыланды

Атырауда жоғары білімді мамандарға қарағанда, орта кәсіптік білімі бар жастарға сұраныс жоғары. Алайда өндірісті аймақтың жастары университеттің дипломына ұмтылады. Тек мамандығына сай жұмыс таппай жүргендер көп. 

Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында өткен жиында көтерілді. Шара партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген «Жастарды қолдау» бағыты бойынша өткізілді. Ашық пікірталас алаңына айналып, өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Жастарды белгілі бір кәсіпке баулуды күшейту жайы ортаға тасталды. Аймақта тұрақты түрде еңбек жәрмеңкелері өтіп тұрады. Дегенмен жастар арасында енжарлық басым, - дейді жиналғандар.

Нариман Сәлімов, Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

Жастардың арасында жұмысқа деген енжарлық та бар, сонымен қатар мемлекеттік жұмыс орындарының да кішкене жастарды жұмысқа тартудағы өздерінің кішкене тартымсыздығын да қарауға болады. Себебі көп жерде еңбек өтілін сұрайды жастардан. Маңдайға соғып отырған мәселе сол.

Қоғамда соңғы кезде студенттер белсенді. Ал тұрақты жұмыспен қамтылмаған, әлеуметтік жағынан аз қорғалған жастар да назардан тыс қалмауы керек. Жиында осы мәселе де айтылды. «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі мемлекеттен тапсырыс алатын қоғамдық ұйымдарды өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға шақырды. 


Асқар Бопылдықов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Атырау филиалының төрағасы, партиялық тәлімгер:

Жұмыссыз жүрген қаланың төңірегіндегі жастармен бір де бір жастар ұйымы қазіргі уақытта жеткілікті, нәтижелі жұмыс жасап жатырған жоқ. Бұл мәселені ашық айта аламыз және біз бұл мәселені ұсыныс етіп қойдық мемлекеттік мекемелерге. Діни сауатсыздық болсын, ол жұмыссыздық болсын, үйде жату болсын, қылмыс болсын, осылардың негізгі арқауы  - жастардың жұмыссыздығы болып отыр. 


Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ