Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қала келбетін бұзатын құрылыс алаңдары қатаң жазаланады

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1882
Қала келбетін бұзатын құрылыс алаңдары қатаң жазаланады

Бұдан бұлай Астананың келбетін бұзған құрылыс кешендері жер телімдерінен айырылуы мүмкін. Әкімдік өкілдері бірқатар нысандарды тексерді. Рейд жүргізу туралы арнайы тапсырманы қала әкімінің өзі берген. Талапқа сай құрылыс алаңдарындағы бұзылған қоршаулар қалпына келтірілуі тиіс. Санитарлық жағдайды сақтау және жүк көліктерді жууы қадағаланады.

Рейд кезінде ережені ескермеген 84 нысан анықталған. Олардың барлығына ескерту жасалды. Қазірдің өзінде 40 шақты нысан құрылыс алаңындағы кемшіліктерді жойған. Талап орындалмаған жағдайда, әкімшілік сот арқылы айыппұл салынады. Сондай-ақ, қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасындағылар жазаны қатаңдатуды қарастырып отырғанын жеткізді.

Мұрат Доланбеков, қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Айыппұлдарды төлеп тұрып, біздің қойған талаптарды орындамаған құрылыс мекемелеріне біз әкімшілік алдында оларға бөлінген жер телімдеріне берген рұқсатты қайтадан қайтарып алу туралы әкімшілікке мәселе қойып отырмыз.

Құрылыс алаңдарындағы санитарлық жағдайды қадағалау осы саланы жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының күнделікті бақылауында екен. Қала бойынша тексеріс сәуірдің 20-ына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Елордадағы барлық құрылыс кешендеріндегі кемшіліктер түгелімен жойылуы тиіс. Ал сәуірдің 23-інде бүкіл қалалық сенбілік жоспарланған. Айта кетсек, аталмыш іс-шара бір реттік емес, жыл бойы атқарылады.

Берік ХАСЕНОВ