Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қарағандыда 10 мыңнан астам волонтер қайырымдылықпен айналысып жүр

AstanaTV
31.03.2022ж. 20:00
955
Қарағандыда 10 мыңнан астам волонтер қайырымдылықпен айналысып жүр

Қарағанды облысында волонтер жастар көбейген. Қазір 10 мыңнан астам  ерікті түрлі  қайырымдылық акцияларына қатысып, мұқтаж жандарды, науқастар мен қарттарға қолдау көрсетуде. «AMANAT» партиясының Жастар қанаты мен түрлі қоғамдық ұйым белсенділері   қазақстандықтарды түрлі мәселелерді жұмыла шешуге, айналаға қуаныш сыйлауға шақырады.  

Бір қарағанда қарапайым, бірақ жанға жылы акциясының бірі- «Шәй ішейік». 1 кесе ыстық шай  таң атқаннан күн батқанша көшедегі қарды тазалап жүрген    коммуналдық сала қызметкерлерінің бойын да, жүзін де жылытты.  

Мейрам СӘДУАҚАСОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Жұмыс көп, ауыр. Таңертең 8 ден шығамыз кешкі 5- ке дейін, күн аязда жаңбырда жүре береміз. Халық та недовольный мусорканы лақтырып кетеді, урнаны шашып кетеді, түгелін біз тазалаймыз. Бірақ зарплата аз. 130 сондай. Сағатпен қойып қойды, 180 қолға алсақ түгелі істейді, қазір көбі кетіп жатыр.

Айғаным САҒИТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Шәйді бергеннің өзі олардың жұмыс жасап жатқандары елеусіз қалмағанын шынымен біз оларға ризашылғымызды білдіреміз, себебі олар арқылы біздің қаламыз әрдайым осындай таза, әдемі.

Жастар соғыс ардагерінің ауласын қардан тазартты. Қалада жақыны жоқ  жалғызбасты қария  көп. Сондықтан белсенділер жыл сайын олардың тізімін жасап, барынша көмек көрсетуге тырысады.

Татьяна БЕРНИКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жастардың қарттарға қол ұшын бергені қатты қуантады. Студенттер, «Жас Отан»- ның белсенділері үнемі келіп тұрады. Әрине  оларға салмақ салмай, өзіміз аршуға тырысамыз. Мәселе көмекте де емес, қолдап ниет білдірудің өзі қандай керемет.

Пандемия басталғалы «Бір тамшы қан» акциясының маңызы артты. Қан плазмасына сұраныс жоғары.    18 жастағы Гүлнұр  медицина мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан   бір тамшы қанның өзі адам тағдырын шешетінін жақсы білемін дейді.   

Гүлнұр ЖЕТПІС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Қан тапсыру арқылы мысалы мұқтаж жанға көмектесіп, сол адамның денсаулығын сақтап қалуға кепілдік бұл да. Егер де еліңнің болашағын ойласаң митингқа емес осылай жақсылық жасау арқылы қайырымдылық жасау арқылы елінің болашағын дамытуға болады.

Қарағанды облысында 10 мыңнан астам  ерікті жас жүздеген қайырымдылық акциясына қатысқан. Олар қазақстандықтарды қоғамдағы проблемаларға бей- жай қарамай жұмыла әрекет етуге, айналаға қуаныш сыйлауға шақырады.   

А. Қуаш