Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Бұл – бизнес. Мен "Канелоны" екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім",- Г.Головкин

AstanaTV
31.03.2022ж. 20:00
1341
"Бұл – бизнес. Мен "Канелоны" екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім",- Г.Головкин

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөліесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Әділет! Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы бар шындықты жайып салды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

«Мен «Канелоны» екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім. Төрешілер қарсыласымды ұпаймен ғана ұтқызды. Бұл - таза бизнес». Геннадий Головкин америкалық белгілі бапкерге берген сұқбатында ағынан жарылды. Айтуынша, күзде өтетін үшінші жекпе-жекке сақадай сай. Қазылар алдыңғы кездесулердегідей шешім қабылдамайды деген сенімде. Десе де, екіжүзді адамдар айласын асырып кетпесе деген қорқынышы барын да жасырмады.

Геннадий ГОЛОВКИН, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:


Ол екі жекпе-жекте мен жеңдім, кім не десе о десін. Мұндай әділетсіздік белең алып кеткен. Мен бұл туралы айтудан қорықпаймын. Мен әрдайым шындықты ғана айтамын, бірақ, ол ешкімге керек емес. Біз жүрген бизнестің ережесі сондай.

Ал бүгін Геннадий бұрынғы қарсыласы Муратамен жұдырықтасу үшін Жапонияға аттанды. Олар шаршы алаңға 9 сәуірде шығады. Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар сарапқа салынады. Отандасымыз жапондық боксшыны «нокаутпен жеңемін» деген ойда.

Геннадий ГОЛОВКИН, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

Бұл кездесудің стилі маған ыңғайлы. Рингке екі боксшы шыққанда, әдетте стильдер қақтығысы болады. "Нокаутпен жеңемін" деген батыл болжам жасаймын. Жапон жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін бар күшімді саламын.

Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатына бір миллионға жуық билет сатылған. Бұл  алдағы уақытта әлі де еселенуі  мүмкін. Ең көбін Катар, АҚШ, Англия, Мексика, БАӘ, Германия, Үндістан, Бразилия, Аргентина және Сауд Арабиясынан жанкүйерлер сатып алған. Бүгін Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды. Доптың атауы – араб тілінен аударғанда «саяхат» деген мағынаны білдіреді. Ертең жеребе тарту рәсімі өтеді.

Ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне рұқсат етіледі. Бивол да белбеуінен айырылмайды. Дүниежүзілік ұйымы осыны ең әділ шешім екенін хабарлады.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр