Жоғарғы орын орындарында басталған "Таза сессия" акциясы аяқталды. Оған 60 жоғарғы оқу орны ат салысты. Шамамен 30 мыңнан астам студент сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтайтын жасырын сауалнама сұрақтарына жауап берді.
«Таза сессия» акциясы 2019 жылы антилидерлер қатарынан табылған Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде де өтті. Адам денсаулығына шипагер болашақ дәрігерлердің білімі сатылса өзге салаларда жағдай одан да қиын болуы мүмкін,- дейді шараны ұйымдастырушылар.
Ержан ХАМИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл арқылы біз жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеуді насихаттаудамыз. Ұстаз бен студенттің арасында қандай да бір сыбайластықтың болуы мүмкін. Осындай фактілер бар жоғарғы оқу орындарында оны біз жасыра алмаймыз. Жаңағы жақсы сабаққа келіп үлгерімі жақсы балалар мен сабаққа келмейтіндер бірдей деңгейде баға алып жататын кездер болады.
Атыраудағы жоғары оқу орындары 3 жыл бұрын пара алу фактісі бойынша антилидерлер қатырынан табылды. Сондықтан «Таза сессия» акциясының маңызы зор деп есептейді. Бүгінде университеттерде комплаенс – офицерлер жұмыс істейді. Олар білім беру жүйесіндегі сыбайластық жемқорлықпен күреседі. Мәселен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде соңғы бір жылда 4 оқытушы жұмыстан, 10 студент оқудан шығарылған.
Нұрсәуле САПАРБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ӨКІЛІ:
2019 жылы өткізген кезде Атырау облысында фактілер болған, ал бірақ 2020 жылы ол фактілдер жойылды. 100 пайызға жойылып кетеді деп айта алмайды. Әрине бар, бірақ онымен жұмыс жүргізіледі. Соның нәтижесінле парақор немесе жемқор оқытушылар университеттің басшылығымен ақылдаса отырып арнайы жаза берілетін болады. Немесе жұмыстан шығарылатын болады.
Шымкентте сауалнамаға жеті университеттің студенттері қатысты. Екі мыңдай жас сыбайлас жемқорлықтың бар-жоғын анонимді түрде жеткізді. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің өзінен үш жүздей студент белсенділік танытқан. Болашақ мұғалімдер бұл акцияның болашақ ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор екенін айтады.
Аяулым БАҚТИЯР, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
Сессиядан өту қалай сендерде, қиын ба? - сесиияда қатты қиын емес. Студенттер басындағы бар біліммен өтеміз, шақндай шпор, телефон қолданбаймыз.
Райымбек БАҚЫТЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Бұл сауалнаманың арқасында біз жәй ғана сыбайлас жемқорлықтың деңгейін ғана анықтап қоймаймыз, бұл жерде бұл сауалнаманың арғы түбінде баратын нәтижелері бұл – білім сапасын арттыру яғни, студенттерге жасалып жатқан жағдайын, оларға жасалып жатқан көрсетіліп жатқан қызметтің сапасын арттыруға да үлкен үлес қосады.
«Таза сессия» акциясына Батыс Қазақстан облысының 4 жоғарғы оқу орнынан 1200 студент қатысты. Бұл жолғы сауалнамаға «Amanat» партиясының қоғамдық саяси институты бірқатар өзгерістер енгізіпті. Яғни, пандемия кезіндегі онлайн оқудың ерекшеліктері ескерілді,- дейді ұйымдастырушылар.
Нұрсәулет САПАРБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МАМАНЫ:
Арнайы органдарға жіберілетін болады нәтижелері. Сол арқылы біз органдармен бірлесе отырып, жұмыс жасайтын боламыз. Соңғы деректерге жүгінсек, бізде көп фактілер оңтүстік облыстарда табылған еді. Қазір оның барлығы жойылды, рейтингтің бұл жолғысын көреміз.
«Таза сессия» акциясының биылғы қорытындысы осы айдың аяғына қарай белгілі болмақ.
А. Қуаш, А. Төрекбекқызы, Е. Қарин