Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағанды облысында ит қауып алған баланың жағдайы ауыр

AstanaTV
04.04.2022ж. 20:00
1838
Қарағанды облысында ит қауып алған баланың жағдайы ауыр

Қарағанды облысында ит қауып алған  5 жасар баланың жағдайы ауыр. Бүлдіршін Ақтоғай ауылынан санавиациямен  Қарағанды қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, төбет баланың басын талап тастаған.

Ерік ШОНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Бала Ақтоғай ауылынан санавиация арқылы шұғыл жеткізілді. Басында ашық жарақаттар өте көп. Сонымен бірге көзіне зақым келген. Ашық хирургиялық таңу жасадық. Қазір балалар жарақаты бөлімінде ем алып жатыр.

Еске салайық, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында  екі баланы талап тастаған болатын. Үй иелері итті байламай бос жіберген көрінеді. Балалар аулада ойнап жүргенде төбет оларға тап берген.  3 жасар бүлдіршін ауыр жарақаттан көз жұмды.  

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аулада ойнап жүргенде сол үйдің иті шабуыл жасап дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Алған дене жарақаттарының салдарынан 3 жастағы бала  ауруханада қайтыс болды. Қазіргі таңда бұл факт Ақтоғай аудандық полиция  бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Қуаш