Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері»

AstanaTV
04.04.2022ж. 20:00
1360
«Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері»

Елордада «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» атты мотивациялық кездесу өтті. Шара дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылған. Басқосу "Болашақ" корпоративтік қорының бастамасымен "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек " жобасы аясында ұйымдастырылған. Елімізде мұндай кездесу алғаш рет өткізіліп отыр. Шараға ерекше балалардың ата-аналары қатысты. Кездесу барысында олар аутизмі бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қатар  аутизм диагнозы жақында ғана қойылған балалардың ата-аналарына қажетті кеңестерін айтты. Іс-шараға келген 70-тен астам ата-ана баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз бүгінгі спикерлер арқылы әрбір ата-ана өз баласына көмекші болуға болатындығын көрсеткіміз келді. Осы ата-аналар диагнозға жақында ғана тап болған ата-аналар үшін үлгі болсын дейміз. Бүгінде "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы  аясында қолған алған «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобамыз арқылы елімізде 700-ден астам бала мектепке күнде баруға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, «Болашақ» қорының «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасы мектептер мен балабақшаларға аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған. 2015 жылдан бастап Қазақстанның 17 өңірінде 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Жоба еліміздің 60-тан астам мектебін қамтиды.

Жалғас ӘШІРБЕКОВ, АТА-АНА:

Баламның мектепте бөлек өзінің тютры бар. жеке өзіне көмектесетін. Инклюзия классы бар толығымен жабдықталған. Осындай көмектермен біздің баламыз барлық балалармен қоса еркін мектепте оқи алады қазіргі кезде.

Ә. Бердібеков