Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Айына миллион табуға болады - Рекрутер

AstanaTV
06.04.2022ж. 20:00
1265
Айына миллион табуға болады - Рекрутер

Қашықтан жұмыс істеп 1 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады. Бұл туралы рекрутинг мамандары айтып отыр. Олардың сөзінше, еңбек нарығында жаңа тренд қалыптасқан. Қазір қашықтан жұмыс істеу көпшілік үшін өте ыңғайлы болып тұр. Жалпы қосымша табысқа деген қызығушылық пандемия кезеңінде басталған. Тіпті 2 мың 500-ден аса қосымша жұмыс бар, оның 6,5 пайызы кембағал жандар үшін қарастырылған. Қазақстандықтар қосымша жұмыспен, орташа есеппен 190 мың теңге тапқысы келеді. Қосымша нәпақа табу үшін танымал салалар, олар: айти, оқытушы, курьер, call-орталық операторы және сатушы.

Ұлжан ОСПАНОВА, РЕКРУТИНГ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Бүгінгі күні пандемия еңбек нарығына әсер еткені анық. Көптеген жұмыс орындары жабылғандықтан, жұмысшылар қашықтан жұмыс істеуге әдеттенді. Онлайн форматта айти, қоғамдық тамақтану, курьер, туризм, консалтинг, сату істерінен 900 мың, 1 миллион теңгеге дейін табуға болады. Тіпті HR-өзі қашықтан бірнеше компанияға қызмет көрсетіп, қыруар қаржы таба алады.

Бұдан өзге, стандартты емес ұсыныстар да бар. Мәселен, видеоблогер-стример, сторисмейкер, комьюнити-менеджер, кофе-леди және тағы басқалары. Маманның пайымынша бүгінгі күні уақытша қызметкерлер тақырыбы да өзекті. Өйткені, жұмыс берушілердің өзі мұқтаж. Ал, 2022 жылдың 1-тоқсанында жартылай жұмыспен қамту бойынша жұмыс орындарының саны 53 пайызға артқан. Қосымша жұмыстарды түрлі мамандандырылған қосымшалардан, тіпті әлеуметік желілерден де табуға болатынын айтады.

Л. Қуанышқызы