Президентке қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті кім? Тұтқын журналист болып қызмет атқарғаны рас па? Бұл туралы БАҚ өкілдері Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан сұрады.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ондай ақпарат болғанын мен де білемін, ол Telegram арналарында жарияланған болатын. Шынымды айтсам, ҰҚК бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ. Оның кім екенін білмейміз. Ресми ақпарат келген жоқ. Сондықтан бұл адам туралы ақпарат ресми түрде пайда болған кезде ғана біз оның қалай болғанын, не себепті болғанын түсіндіре аламыз. Сол кезде мен де бұл сұраққа жауап беремін.
Б. Сатуов