Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аймақ активіне Премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды. Нұржан Нұржігітов бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Премьер-министр Бердібек Сапарбаевтың облыстың дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға қосқан үлесіне тоқталып, атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, бүгін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылып, оның орнына Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Нұрлыбек Нәлібаев 1997 жылдан бері түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған. Ал Атырау облысының әкімі болып, Серік Шәпкенов тағайындалды. Ол осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.
Л. Қуанышқызы