$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында мал өлексесі далада шашылып жатыр

AstanaTV
12.04.2022ж. 20:00
1615
Ақтөбе облысында мал өлексесі далада шашылып жатыр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты Қаратал ауылының маңында мал өлексесі шашылып жатыр. Елді-мекен тұрғындары шіріп жатқан мал етінен ауру тарала ма деп қауіптенеді.

Ветеринария басқармасы бұл өлексенің бәрін қыс бойы тұрғындардың өздері мал қорымына әкеліп, көмусіз тастап кеткен дейді. Оның айтуынша, мал иелері ветеринарға ескертпестен, өлген малды қорымға таси берген. «Өлекседен ешқандай сынама алынбайды, себебі мал инфекциядан өлген жоқ», деді әкімдік өкілі.

Иса БАЗАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін тапсырма берілді. Бүгін соның бәрі жасалады, санитарлық-ветеринарлық ережелерді сақтай отырып, өлімтіктердің бәрі жойылады. Бұл аурудан өлген емес, бұл қыстан шыққан мал ғой, шөптің бітіп жатқан кезі, малдың әлсірейтін кезі. Жылда бірен-саран малдың өлімі болады.


Ал, Ақтөбе қаласына жақын Садовое ауылында малдан бруцеллез анықталды. Мамандар жоспарлы тексеру кезінде 4 мың ірі қара мал мен 5 мың қойдың қанынан сынама алған. Нәтижесінде, 26 сиыр мен 133 қойдан инфекция белгілері табылды.

Гүлсара ЖАҚЫПОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бруцеллездің оң сынамасын көрсеткен малдың бәрі, арнайы сою орындарына тапсырылды. Ережеге сәйкес, мұнда да мал етінен био-сынама алынып, зертханада тексерілді. Оның қорытындысы бойынша, 26 ірі қара мал етінің тек екеуінен бруцеллез расталды.


Г. Сейтенова