Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордалық дәрігерлер 10 айлық сәбиге диагноз қоя алмай келеді

AstanaTV
12.04.2022ж. 20:00
1824
Елордалық дәрігерлер 10 айлық сәбиге диагноз қоя алмай келеді

Елордалық дәрігерлер 10 айлық сәбиге диагноз қоя алмай келеді. Баласын емдетпек түгілі, немен ауыратынын біле алмай шырылдаған ана арнамыздан араша сұрады. Шарасыз ананың дәрігерлерден көмек сұрап жүргеніне жарты жылға жуықтапты. Бірақ мәселе шешілер емес дейді. Әріптесім Әсел Дүкембаева мәселенің ақ-қарасын анықтап келді.

Меруерт баласы үшін отқа да, суға түсіп жүр. Бірақ нәтижесін көре алар емес. Сәбиіне араша болар дәрігер таппай бас қалаға келгеніне де жарты жылға жуықтаған.  

Меруерт БУЙДАХМЕТ, ҚОЯНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тек невропотолог ортопед, невропотолог ортопед осы екі ортада ғана жүрмін. Шынын айтқан кезде, қазір енді бүгінгі барып келген кезде бүгін, сенбі күні жазып бергені невропотологқа бардым. Уже сіздің жағыңыздан деп тұр ғой бұл деп. Сөйтіп едім осмотр ортопеда в динамике деп тұр, нмг правый руке деп тұр.

Алидардың анасы нақты диагнозын біле алмай сандалып жүр. Ол дәрігерлер баламның денсаулығына салғырт қарап отыр дейді. Оң жақ қолы сол жақ қолынан даму жағынан тежеліп қалды деген ана енді қайда барарын білмей дал.

Меруерт БУЙДАХМЕТ, ҚОЯНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Халат үсті қарап тұр ғой, керек па саған бала, маған керек емес деп. Баланың мына қолы мына жақтан бастап өсу деңгейі тоқтап жатыр. Оған қарап жатқан ешкім жоқ даже. Міне мына жерлерінің өзі, қараңыз.

Алидардың анасы қазір қаралып жүрген отбасылық клиникаға бізде бардық. Ондағы ақ халаттылар түсірілім тобын ішке кіргізген жоқ. Емхана директоры болса сұхбат беруден бас тартты.  Алайда Меруерттің мәселесін тыңдап, шешіп беремін деді.  Бүгін  жағдайдың қалай болып жатқанын білмек болып хабарласып көрдік.

Гүлжауһар КУШАЕВНА, "ЭНДОХИРУРГИЯ КЛИНИКАСЫ" ЖШС ҚОЯНДЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін анализін тапсырды, дәрігер порталмен жатқызуға выпискасын дайындап жатыр. Уже таңертеңнен бері сол барлық спецалисттермен консультация жасалды. Солардың айтуы бойынша, жаңағы 2-ші балалар ауруханасына  диагнозын уточнять ету үшін жатқызамыз.

Ақ халаттылар осылайша 6 ай бойы қоймаған диагнозды апта ішінде анықтап беруге уәде берді. Емхана директоры өзінің қол астындағы қызметкерлері үшін де Алидардың анасынан кешірім сұрады. Ал жауапты министрлік, уақытылы диагноз қойылмағаны үшін дәрігердің үстінен арыз жазуға кеңес берді.

Ә. Дүкембаева