Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазіргі ойыншықтардың шамамен тең жартысы қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес

AstanaTV
12.04.2022ж. 20:00
1404
Қазіргі ойыншықтардың шамамен тең жартысы қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес

Балалар ойыншықтарының 43 пайызы қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі осыны көрсеткен. Тек соңғы екі айда арнайы зертханада ойыншықтардың 397 үлгісі зерттелген. Олардың құрамынан фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан секілді аса қауіпті химиялық элементтердің артық мөлшері анықталды. Зиянды ойыншықтардың 90 пайызы Қытайда өндірілген.

Дамир ТАЙҚҰЛОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Улы заттар көп деңгейде ағзаға түссе, токсикологиялық улануға келтіреді. Көбінесе аллергиялық көріністер болады. Ұйқышыл болады. Бас ауруы, іш ауруы, көбінесе балалар соған қарап жылайды. Больницаға сол үшін түседі.


Құзіретті орган сауда сөрелерінен тек 3,5 келі ойыншықты ғана алып тастаған. Қалғанын жою немесе қайтару саудагерге жүктелген.  Бірақ нұсқаулықтың қаншалықты  орындалатыны белгісіз. Сондықтан ойыншық сатып алардан бұрын қауіпсіздік сертификатын сұрауға мамандар кеңес береді.

А. Съезбек