$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облысында Қобда өзені тасып, суда қалған үш ауылға азық-түлік қайықпен жеткізілуде

AstanaTV
13.04.2022ж. 20:00
2146
Ақтөбе облысында Қобда өзені тасып, суда қалған үш ауылға азық-түлік қайықпен жеткізілуде

Ақтөбе облысында  Қобда ауданының үш ауылына көлікпен бару мүмкін емес.  Су тасқынынан кейін жол жарамсыз боп қалған. Халыққа қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек   қайықпен жеткізіліп жатыр.

Қобда аудандық әкімдігінің хабарлауынша, Үлкен Қобда өзені арнасынан асып, Жарық, Қоғалы және Көк үй ауылдарына апаратын жолдарды су басқан. Бұл елдімекендерде 600-дей адам тұрады. Судың деңгейі бір аптадан бері түспей тұр. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері су басқан жол учаскелерін бақылауда ұстап отырмыз дейді.
 
Әлішер САРЫБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қобда ауданында Жарық, Қоғалы, Көк үй деген үш елдімекенге барлық автокөлік түрлеріне жол жабық. Су тасқыны бар жерлерде кезекшілік атқарылуда. Қайық өткелі ұйымдастырылуда. Аталған ауылдарда азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры бар.


Г. Сейтенова