$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қарағанды облысында террорлық акт жасамақ болғандар ұсталды

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
1559
Қарағанды облысында террорлық акт жасамақ болғандар ұсталды

Қарағанды облысында радикалды террорлық топ қолға түсті. Олар 11 адам, - деп хабарлайды Интерфакс. 26 маусым күні Балқаш қаласына жақын аумақтағы Гүлшат елді мекенінде күдіктілерді қолға түсіру операциясы өткен.

ҰҚК ақпарына сай, олар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы террористік акт жасауды жоспарлаған. 36 жастағы Жақсылық Махмудов жеке меншік үйдің шатырында өзін-өзі жарып жіберген. Бұдан өзге зардап шеккендер жоқ. Арнайы операция кезінде жарылғыш құрылғылар, дәрімен атылатын қару және өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты суық қаруды заңсыз сақтау, сатып алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүріп жатыр.

Қарағанды облысы Гүлшат кенті әкімдігінің маманы:

Әзір ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Бізге ҰҚК хабар таратуға тыйым салған. Ешкім жапа шеккен жоқ, тіршілігіміз қалыпты, қазір жалғасып жатыр. Оқиға түнде болғандықтан, кейбіреулер сезбей де қалды. 

Айжан ҚУАШ