Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан терроризмнің жүгенсіздігіне жол бермейді - Н.Назарбаев

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
1466
Қазақстан терроризмнің жүгенсіздігіне жол бермейді - Н.Назарбаев

«Қазақстан терроризмнің жүгенсіздігіне жол бермейді». Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында осылай деді. Маңызды тақырыпқа Мемлекет басшысы жаңа қан орталығының қызметкерлерімен кездесу барысында тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

К сожалению, стали привыкать. За 10 лет 167 человек погибло в таких столкновениях. Спокойствие в нашей стране, стабильность в Казахстане. А таких отщепенцев мы не жалеем, ловим, наказываем, уничтожаем. И так будем делать. Армия наша стоит на страже этого. Я вам желаю крепкого здоровья, вам, вашим родным и семьям. 

Елбасы барған қан орталығы жайлы айта кетсек. Республикалық және жергілікті қазынадан бөлінген 1 миллиард 400 миллион теңгеге  заманауи медициналық қондырғылар сатып алынған. Орталық донорлардан қанды қабылдап, оның компоненттерін жіктеумен айналысады. Зертхана жұмысы бастан-аяқ автоматтандырылған. Донорларды тексеру уақыты да мейілінше қысқарды. Орталық бір уақытта 100 донорды қабылдауға қауқарлы. Елбасы сапары әскери қызметкерлердің донор айлығымен тұспа-тұс келді.

Президент «Азия Авто Қазақстан» зауытының жұмысымен де танысты. Мұнда қажетті коммуникациялар тартылуда. 2017 жылы өндіріс ошағында «Лада Х рей» мен «Лада Веста» көліктерін құрастыру жоспарланып отыр. Кәсіпорын өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа электромобильді ұсынды. Автохолдинг басқарма төрағасының айтуынша, зауыт жаңа  көліктерді ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап шығаруға әзір. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы раньше восхищались заграницей, видя такие конвейеры, теперь у нас у самих прекрасные машины и специалисты вроде вас. Я на вашем заводе был 4 раза. Сейчас смотрю новую площадку, здесь будущее хорошее. Государство будет помогать. Желаю вам удачи. Машины у нас самые лучшие, машины конкурентные и для Казахстана, и для зарубежной продажи. Качество и мощь.

Абзал ҚҰРМАНКИН