Шымкентте жүк көлігі үш бірдей жеңіл автокөлікті басып қалды. Оқиға куәгерінің айтуынша, «Газ 53» маркалы машинаның тежегіші істен шыққан көрінеді.
Оқиға қаланың сыртқы жағындағы көлік жуу орталықтарының бірінің алдында болған. Полиция ақпаратынша, «Газ 53» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жаншылған жеңіл көліктер жеке азаматтарға тиесілі. Олардың шығынын өтеу мәселесін сот шешеді,- дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы” бойынша әкімшілік хаттама түзілді. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданады.
А. Төребекқызы