$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Төлем жүйелері мен төлем қызметін көрсетушілердің жұмысы бақылауға алынады

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
1384
Төлем жүйелері мен төлем қызметін көрсетушілердің жұмысы бақылауға алынады

Ұлттық банк елдегі бүкіл төлем жүйелері мен төлем қызметін көрсетушілердің жұмысын өз бақылауына алады. Бүгін Сенат «Төлемдер және төлем жүйелері» туралы заң жобасын қабылдады.

Заңдағы тиісті нормаларда бірнеше жаңашылдықтар қарастырылған. Мәселен, банктердің төлем орындау операцияларының мерзімі 4 күннен екі күнге дейін қысқармақ. 2017 жылдың бірінші маусымынан бастап оны күнбе-күн жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар төлемдер үшін алынатын комиссия мөлшері бойынша да тәртіп күшейтіледі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ