$519.29 €613.28 ₽6.62
×

«Жоғары технологияларды дамыту» бойынша сараптау тобының алғашқы отырысы өтті

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
2813
«Жоғары технологияларды дамыту» бойынша сараптау тобының алғашқы отырысы өтті

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне павлодарлық өнертапқыштар 21 түрлі инновациялық жоба ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы аймақта өткен «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша құрылған сараптау тобының алғашқы отырысында айтылды. «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған комиссия заманауи технологияларды дамытуға негізделген бірқатар жобалар дайындапты.

Партияның «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталатын сайлауалды тұғырнамасында бұған ерекше мән берілген. Қазір Павлодар облысында жеті бірдей комиссия жасақталып, жұмыс кестесі нақтыланды. Телекоммуникация саласына жоғары технологияларды енгізу, шалғай ауылдарды жедел интернет желісіне қосу, ғылыми жобаларды коммерцияландыру. Шараға мемлекеттік мекеме басшылары мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері шақырылды. Тараптар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Айнұр Мейрамова, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Эксперттік комиссияның негізгі мақсаты - жоғарғы технологияларды дамыту шаралары бойынша өңірде қандай жұмыстар атқарылмақ, қажет кезінде өз кеңесін беріп, одан кейін оларды халыққа жеткізу.

Жаңа технологиялар бүгінде өміріміздің айнымас бөлігіне айналған. Алпауыт өндіріс саласынан бастап, жеңіл өнеркәсіпте, азық-түлік саласында, фармацевтикада, медицина мен білім беру бағытында кеңінен қолданылады. Комиссия өкілдері шалғай ауылдарды интернет желісіне қосу ісін жандандыруды көздеп отыр. Анықталғандай, облыстағы 200-ге жуық елді мекенде әлі ғаламтор жоқ.

Мақсат Айтышев, «Ұлттық сертификациялау және сараптау орталығы» АҚ ПОФ басшысының орынбасары:

Біздің елімізде, біздің ауылымызда осы интернет болып, жасөспірімдер Қазақстанмен бірге өсуге ден салып, жұмысымызды атқарып жатырмыз.