Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елордада 38 жастағы есірткі сатушы ұсталды

AstanaTV
18.04.2022ж. 20:00
1138
Елордада 38 жастағы есірткі сатушы ұсталды

Елордада 38 жастағы есірткі сатушы ұсталды. Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы  аумағына есірткі жеткізумен және өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Дулатов көшесі бойынша күдікті құрықталды. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын «гашиш» тәркіленді. Ер адам есірткі заттарын Астана аумағында сатпақшы болған. Іс тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған азамат Нұр-сұлтан қаласы  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ә. Дүкембаева