Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайдағы 160 шетелдік компания көші-қон заңын бұзған

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
1020
Қостанайдағы 160 шетелдік компания көші-қон заңын бұзған

Қостанайдағы 160 шетелдік компания жабылуы мүмкін. Облыстық прокуратура Ресей, Украина, Беларусь азаматтары құрған кәсіпкерлік нысандарда  көші-қон заңының бұзылғанын  анықтады. Заң бойынша шетел азаматтары Қазақстанда «Бизнес иммигрант» визасымен  кәсіп аша алады. Бірақ  Қостанайдағы құрылтайшылардың қолында тиісті құжаттар болмаған. Шетелдіктер елімізге  туристік және еңбек ету мақсатында келгенін көрсеткен. Ал шын мәнінде  олар  астық экспортымен  айналысқан көрінеді.  «Қара тізімге»  ілінген  компаниялардың заңсыз тіркелгені дәлелденсе,  қомақты айыппұл салынады. Тіпті олармен бірлесіп жұмыс істеген  отандық фирмалар да миллиондаған шығынға ұшырауы мүмкін.

Самат СӘДУАҚАСОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сотта тек екі арыз жатыр. Біреуі Түркия компаниясы, біреуі Ауғанстан. Олар экспортқа  шығаратындар. Қалғандарын әлі сотқа берген жоқ. Сондықтан олар әлі бізге  келген жоқ кәсіпкерлер арыздарымен.  Судьялар да түсініп отыр. Қаншама контрагенттер сосын ақша  шығындалады. Салық бар. Сондықтан олар әлі шешім шығарған жоқ.

З. Санай