Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады. Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев сала қызметкерлеріне табыс тілеп, мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Ә. Дүкембаева