Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«AMANAT» партиясы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбейтін атмосфера құрмақ

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
1027
«AMANAT» партиясы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбейтін атмосфера құрмақ

«AMANAT» партиясы сыбайлас жемқорлыққа  мүлдем төзбейтін атмосфера құрмақ ниетте. Орталық аппаратта осы бағыттағы партиялық бағдарламаны күшейту бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Талқылауға Парламент депутаттары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері де қатысты. Жұмыс тобының мүшелері алуан түрлі пікірді қамту үшін бағдарлама жобасын кеңінен талқылау қажеттілігіне мән беріп отыр. Осыған дейін   партия мүшелерінен 125 ұсыныс түскен.

Марат ҚОҒАМОВ, САРАПТАМА ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
 
Алдымен біз ескі бағдарламаны жаңарту керек деп ойладық, бірақ қарап шыққаннан кейін нақты жұмыс істейтін жаңа құжат жасау керек деген қорытындыға келдік. Бұл бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік құжаттарды қайталамауы тиіс. Әсіресе, мемлекеттің суперпрезиденттіктен қоғамның саяси жүйесін құрудың президенттік моделіне көшуі, сондай-ақ, көппартиялық жүйесін қалыптастыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды.

А. Съезбек