Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырау агротехникалық колледжі мемлекеттік грантты талан-таражға салып келген

AstanaTV
30.06.2016ж. 20:00
3450
Атырау агротехникалық колледжі мемлекеттік грантты талан-таражға салып келген

Атыраудағы агротехникалық колледжде студенттер өз мамандықтары бойынша білім алмай келген. Бұл туралы студенттердің ата-аналары айтып отыр. Олардың сөздеріне қарағанда, ветеринарлар үшін бөлінген мемлекеттік грантта құрылысшылар, ал тоңазытқыш жөндеушілердің орнына теміржолшылар тегін білім алған. Ата-аналардың айтуынша, балалары әу-баста құрылысшы мамандығына түскен. Бірақ құжат жүзінде болашақ ветеринар боп шығатынын жуырда тағайындалған директордан естіп, жаға ұстапты. Енді басшылық қалаған мамандығында қалуы үшін оқу ақысын төлеп, стипендиясын қайтаруды талап етіп отыр, деді.

Жұпар Мұхамбетәлиева, ата-ана:

Біздің группамызда 1 с 1, яғни құрылысшы, 5 ата-ананы ветеринарға ауыстырып жатыр, ветеринарға ауысу үшін, жаңа 1 жылдық оқу ақыны төлеңдер, стипендияны қайтарыңдар деді.

Майра Құспанғалиева, ата-ана:

1 ЖД тобының ата-аналарын шақырып, 30 оқушының ішіндегі 14-і ЖД факультетте емес, ана холодильник оңдайтын факультеттің грантын алған деп, біздерге соны айтты. Одан кейін бүгіннен бастап біздер тиісті тобына барып отырмаса, біздер стипендия төлей алмаймыз, дейді. Балалармыз бен ата-аналардың не жазығы бар? Балалар жоғары балл жинап, грантты алып отыр, ал бұйрықты басқа мамандыққа шығарған. 

Ата-аналардың айтуынша, 180-ге жуық студент таңдаған мамандығымен емес, аймаққа қажетті ветеринар, тоңазытқыш жөндеуші болып шыққалы тұр. Ақпан айында директор боп тағайындалған Клара Мұқашкереева, бұрынғы басшының былығына жауап бермеймін, дейді. Ал колледжді 14 жыл басқарған бұрынғы директор да «кінәм жоқ» деп отыр.

Клара Мұқашкереева, Атырау агротехникалық колледжінің директоры:

Бұл жерде кінә тікелей бұрынғы болған басшының кінәсі. Неге десеңіз, бұйрықты шығаратын ол. Балаларға оқуға қабылдайтын қабылдау комиссисынан кейін бәрін нақты қол қоятын, есеп тапсыратын, қайда да бірінші басшы жауап береді ғой. 2013, 2014, 2015 жылдары оқуға қабылданған балалардың нақты құжаттарын немесе балын қалай қабылданды, неге өтіп кетті деген сұрақтарға күні бүгін мен жауап бере алмаймын. Неге десеңіз, мен ол кезде бұл колледжде жұмыс жасаған жоқпын. 

Болат Қожиев, Атырау агротехникалық колледжінің бұрынғы директоры:

Мен мына алты айдың үстінде жұмыста жоқпын, 5-6 айдан кейін маған айтады, ойбай осылай, осылай, деп. Мен алты айдың ішінде не болғанын білмеймін. Бұл басшы келіп, видимо, біреулерін ауыстырды, біреулерін неткен болар. Мен қазір білмеймін ғой не болғанын.