$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қызылорда облысының жобаларына қытайлық инвесторлар 450 млн доллар көлемінде қаражат салады

AstanaTV
01.07.2016ж. 20:00
1813
Қызылорда облысының жобаларына қытайлық инвесторлар 450 млн доллар көлемінде қаражат салады

Қызылорда облысында жоспарланған цемент зауыты, жел-күн электр станциясы, кірпіш шығаратын кәсіпорын құрылысына қытайлықтар қызығушылық танытып отыр.

Қытай Халық Республикасының Цзянси провинциясынан арнайы келген делегация бұдан өзге қаланың сол жағалауындағы жаңа аудан мен жылыжай, көкөніс қоймаларын салуға ат салыспақ. Қытайлықтар қызығып отырған жалпы жобалардың саны - 11. Ал инвестиция көлемі 450 миллион 500 мың АҚШ долларын құрайды. Осының негізінде бірнеше меморандумдарға екі жақ қол қойды. Облыс әкімшілігі мен Цзянси провинциясы Халық Үкіметі арасындағы қарым-қатынасы жөнінде, Кәсіпкерлер палатасы және Цзянси провинциясының халықаралық сауда ұйымдарына жәрдемдесу Қытай кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы келісімдер жасалды. Жобаларды іске асыру мерзімі бір-екі жыл. Сондай-ақ, жуырда өсімдік майын шығаруды қолға алмақ. Шикізат - жергілікті өнім, биыл сол үшін облыс бойынша алты мың гектар жерге мақсары егілген.

Лью Чанглин, Цзянси провинциясы халық үкіметінің вице-губернаторы: 

Біздің Қазақстандағы сапарымыздың басты мақсаты - серіктестерді тауып, сауда қатынастарын реттеу. Біріншіден, «Жібек жолы» экономикалық стратегиясын енгізу. Қытай мен Қазақстан арасындағы, оның ішінде Цзянси провинциясымен Қызылорданың арасындағы терең қарым-қатынасты ынталандыру. Екіншіден, ол екі аймақтың арасындағы достық қатынасты нығайту.

Ғалым Әміреев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Бізге технологияларымен көмектесу, осы жерде бірігіп өндірісті ашу, сосын сол өндірісте шығатын өнімді тікелей экспортқа - Қытайға шығару. Сол үш нарық деп айтып отырғанымыз: Қытай, Иран Ислам Республикасы - үлкен нарық 80 миллион халқы бар, үшіншісі - Ресей Федерациясы. Неге біз тікелей бұл провинциямен жұмыс жасағымыз келіп отыр? Тікелей қарым-қатынас жасау - мына мемлекеттік органдар бір бірімен, сосын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары бір-бірімен.

Шарипа САҚТАПОВА