Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап жүр

AstanaTV
01.07.2016ж. 20:00
2307
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап жүр

Бүгін бір топ мәжілісмендер Елбасының «100 нақты қадам», «Мәңгілік ел» жобаларын халыққа түсіндіру үшін, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының мәжілісте жасаған жұмыстары туралы есеп беру үшін өңірлерге барды.

Атырауға аттанған депуттаттар алдымен үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында бой көтерген «Caspiy Lana Atyrau» түйе және қой жүнін өңдеу және тоқыма фабрикасында болды. Кәсіпорын 350 тонна қой және 150 тонна түйе жүнін өңдеуді мақсат еткен. Қазір жүн көрпелер шығарып жатыр. Болашақта киім-кешек тігу де жоспарда бар. Мәжіліс депутаттары мұнан соң еліміздің «Жаңа индустриаландыру» картасы аясында жоспарланып, іске қосылған  консервіленген көкөніс өнімдерін шығаратын «Атырау Агро Феликс» тауарлы бекіре өсіруге бағытталған «Caspian Royal Fish», «Лугов жылқы зауыты» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.

Ерсұлтан Бектұрғанов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Халықпен кездесіп, одан кейін қабылданған заңдардың мағыналарын түсіндіріп, тағы осы жергілікті жердегі адамдардың осы заңдарды қарап, оларға қандай жаңадан ұсыныстар болады, соларды біліп, тоқу үшін осы өңірлерге келдік.

Ал Қызылордаға барған депутаттар "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысты. "Сәулет" мөлтек ауданында салынып жатқан 50 пәтерлік жеті үйдің құрылысына баға берді. Жоспар бойынша тамыз айында бұл жерге 350 отбасы қоныс тойын тойламақ. Тек соңғы үш жылда ел игілігіне 160 көп қабатты үй пайдалануға берілді. Құрылыс республикалық және жергілікті бюджет қаражатына ғана емес, инвесторлардың да көмегімен жүргізіліп жатыр. Облыс орталығындағы апатты деп танылған үйлер де жойылды.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бір-екі ескертпе айтылды. Оның ішінде, мынау үйлердің маңындағы жүргінші жолдардың тарлығы, олардың көлемдерінің аздығы. Екіншіден, балалар ойнайтын алаңдардағы құрылымдардың қандай орынға қойылатыны жөнінде.

Сонымен қатар, депутаттар салынып жатқан балабақша мен "Өндіріс" индустриалды аймағында орналасқан қосалқы станциялардың да құрылысымен танысты.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ