Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордадағы «Korkem tower» тұрғын үйіне кран құлады

AstanaTV
28.04.2022ж. 20:00
1466
Елордадағы «Korkem tower» тұрғын үйіне кран құлады

Елордадағы  «Korkem tower» тұрғын үйіне  кран құлады. Техниканың бір бөлігі 6-қабаттағы пәтердің ішіне дейін кіріп кеткен. Үйдің дәл іргесінде автотұрақ салынып жатыр. Кранды осы құрылысқа жауапты «ИнТехКонтракт» компаниясы жалдаған көрінеді. Оқыс оқиға кезінде  үйде екі бала мен анасы болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қанат БАЙНИЕТОВ, ПӘТЕР ИЕСІ:

Кухняда балалар болды. Мен үйде болған жоқпын. Әйелім тамақ дайындап отырған. Артынан келіп құлаған кран. Бізде понорамный вид кухня. Соны полностью шашып кеткен. Кухня гарнитур бәрін жұлып кеткен. Балалар қорқып жылап отыр екен келсем.

Құрылыс компаниясының өкілі пәтерге келтірілген   шығынды толық өтейміз дейді. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша отбасына уақытша үй жалдап бермекші. Сондай-ақ, өнеркәсіп қауіпсіздік комитетінің мамандары сараптама жүргізеді. Төтенше жағдайдың нақты себебін әзірге ешкім айта алмай отыр.

Ринат Көкеев, «ИНТЕХКОНТРАКТ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жауапкершілікті мен өзіме алып тұрмын қайткен күнде де. Неге? Өйткені осы паркингті салуға біз договорға қол қойғамыз. Біз оларды нанимать еттік. Сразу айтам, кран ешқандай сыймай жағдай болған жоқ. Кранның бір деталі ма немесе тросы ма білмеймін бірдеңесі істемей қалған.

А. Съезбек