$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Батыс Қазақстанда Жайық өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде

01 шілде 2016
2264
Батыс Қазақстанда Жайық өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенімен жүк тасымалдау әзірге мүмкін болмай отыр. Мамандар мұны өзен суының аздығымен байланыстырады. Әрі Орал мен Атыраудың арасындағы кеме қайраңдап қалуы мүмкін таяз жердің саны 126-ға жеткен. Сондықтан қазір Жайықтың арнасы тазартылып, түбі тереңдетіле бастады.

Маусым айынан басталып, қара күзге дейін жалғасатын бұл іске ел қазынасынан 79 миллион теңге бөлініпті. Қазір Зелёнов ауданы маңындағы өзен арнасы жер снарядтары мен суда жүзетін кран арқылы тазартылып жатыр. Шаңсорғышқа ұқсайтын құрылғы өзеннің таяз тұсындағы құмды сорып алып, жағаға шығарады. Биыл 45 қайраңды қайта қазатын кәсіпорын жұмысшылары үлгірмеген тұсқа арнайы белгілер орнатпақ.

Айта кету керек, «Орал су жолдары» кәсіпорны Жайықтың Батыс Қазақстан облысы аумағындағы 623 шақырымын қадағалайды. Ал қалған бөлігіне Ресей мен Атырау облысы жауапты.

Мұрат Мұқанов, «Орал су жолдары» кәсіпорнының директоры:

Жайық өзеніндегі басты мәселе - су деңгейінің төмендігі. Су өлшеу бекетінің мәліметі бойынша, су 190 сантиметрге дейін түсіп кетті. Енді су деңгейі мәселесі шешілер болса, көптеген мәселелер жабылар еді. Сонымен қатар, батып кеткен дүниелер бар. Олар кеменің жүзуіне қиындық туғызады.

Еркін КАРИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар