Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Азық-түлік бір айдың ішінде 6%-ға қымбаттаған

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
1527
Азық-түлік бір айдың ішінде 6%-ға қымбаттаған

Азық-түлік бағасы бір айдың ішінде 6%-ға өскен. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнына да едәуір әсер етіп отыр. Мәселен апта ішіндегі баға индексі былай құбылды. 7 күнде сәбіз 2,8, пияз 2,6, картоп 2,2  пайызға өскен. Тұрғындар да күнделікті тұтынатын наннан бастап, қантқа дейін қымбаттағанын айтады. Тіпті кейбір заттардың үстіне апта сайын ақша қосылып жатқанына да шағымданды.

БЛИЦ:

- 40 пайызға қымбаттады ғой. Нан бәрі қымбат қой.

- Енді, ет сосын сары май, сүт өнімдері, ірімшіктер. Сондай заттар қымбат шұжық секілді.

- Қымбаттаған. Ұн жағы қымбаттаған. Қант жағы қымбаттаған.


А. Данияр