Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Севказэнерго" тұрғындардың мойнына қосымша шығын ілген

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
1723
"Севказэнерго" тұрғындардың мойнына қосымша шығын ілген

Қызылжарда "Севказэнерго" мекемесі тұрғындардың мойнына қосымша шығын ілген. Монополист пен бұқараның арасындағы дау былтыр   желтоқсан айында туындаған болатын. Кәсіпорын далада жылу құбырларының ашық жатқаны үшін 850-ге жуық тұтынушыны  қосымша ақы  төлеуге мәжбүрлеген. Осының кесірінен кейбір үйлердің қарызы 20 мың теңгеге дейін жеткен. Бұған наразылық білдірген   тұрғындар   монополияға қарсы департаментке шағымданды. Құзырлы органның есептеуі бойынша жылумен қамту кәсіпорны ысырап етілген жылу үшін 21 миллион теңге қосымша табыс көрген. Сот процесі барысында судья монополистердің бұл ісін заңсыз деп тапты. Қаржы тұрғындарға қайтарылуы керек.  Бірақ  оған дейінгі есептеулер  заң аясында жүргізілген. Мекеме басшылығы сот шешімімен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Дамир ТОҚТАМЫСОВ, СҚО ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сот департаменттің 2015 жылға дейін жасалған келісім шарттарды, мынау негізсіз төлемдерді заңсыз деп тану туралы талабы қабылданбады. Қолданыстағы талап шеңберінде толық қанағаттандыру туралы арыз беріледі қайтадан.


А. Құрманкин