Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы басшылары «Жер кодексін» түсіндіру жұмыстарын жалғастырды

AstanaTV
01.07.2016ж. 20:00
1848
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы басшылары «Жер кодексін» түсіндіру жұмыстарын жалғастырды

Ақтөбеліктер жер кодексіне қатысты көкейдегі сауалдарына 4 жерде жауап ала алады. Онда арнайы қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылған. «Нұр Отан» партиясы мүшелері мұнымен ғана шектеліп қоймай, мекемелерде де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгін партияның аймақтық филиал өкілдері жол құрылысымен айналысатын ірі мекеме қызметкерлерімен кездесті. Мақсат - Жер кодексіне қатысты өзгерістерді жиналғандарға түсіндіру. Сондықтан жиынға жергілікті жер қатынастары бөлімі басшылығы мен қалалық мәслихат депутаттары түгел қатысты. Мәслихат депутаты, партияның мүшесі Мұратбай Әжібаевтың айтуынша, бұл мәселеге қатысты ашық, жариялы талқылау жүріп жатыр.

Сұлупан Шынтасова, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрайымы:

Осы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерден кейін Қазақстан халқы арасында көптеген наразылықтар айтыла бастады. Осыған орай халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындады. Бүгін біз осы реформаларды түсіндіру мақсатында «КТП» серіктестігінің ұжымымен кездесіп отырмыз. Тұрғындар бұл жаңалықтарды дұрыс түсінуі қажет.

Нұротандықтар бас сұққан бұл мекемеде 380 адам жұмыс істейді. Олардың жартысына жуығы - билік партиясы мүшелері. Бұл жерде құрылған бастауыш партия ұйымы да жемісті еңбек етіп келеді. Ұйым төрайымы айына екі рет әріптестерімен кездесу өткізіп, түрлі мәселелерді бірлесіп шешуге тырысамыз дейді.

Татьяна Глухова, бастауыш партия ұйымы төрайымы:

Бірінші кезекте баспана, әрине. Екіншіден, жұмысшылар өз жақындарын жұмыспен қамту мәселесін көтереді. Балабақшаға кезегі, қоғамдық көлік мәселелері сияқты сұрақтар көтерілді. Көшені жарықтандыру мен денсаулық сақтау да назарда. Қолымыздан келгенше, шешуге тырысамыз. 

Мансұр ЕСҚОЖИН