Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбе тұрғыны лото-клуб кассирін бөтелкемен қорқытып, тонап кеткен

Ақтөбе тұрғыны лото-клуб кассирін бөтелкемен қорқытып, тонап кеткен

Ақтөбеде лотерея клубы тоналды. Қарақшылықтың қалай болғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам лото ойнайтын жерге түнде барған. Өзімен бірге қолына шыны бөтелке ала барыпты. Полицияның ақпараты бойынша, тонаушы сол бөтелкемен кассир мен күзетшіні қорқытып, кассадан 550 мың теңге ұрлап кеткен. Епсіз ұрыны тәртіп сақшылары тез қолға түсірді. 27 жастағы күдікті қазір тергеу изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің "Тонау" дерегі бойынша іс қозғалған. Қылмысы дәлелденсе 10 жылға сотталуы мүмкін.

Г. Сейтенова