Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Референдумда әр дауыс маңызды!

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
998
Референдумда әр дауыс маңызды!

Ақтөбелік зауытшылар референдумды қолдайды. Жұмысшылармен бүгін "AMANAT" партиясы республикалық штабының мүшелері Ғалымжан Елеуов және Аманғали Бердалин  кездесті.  Фракция мүшелері «Қазхром» компаниясының ұжымына Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты өтетін    референдумның  маңыздылығын түсіндірді. Бұдан кейін, жиналғандардың талап-тілегі тыңдалды. Зауытшылар әсіресе, ауыр өндіріс орындарында жұмыс істейтін әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету, балалардың дамуы мен білім алуына жағдай жасауды сұрады.

Аманжол ҮМБЕТОВ, «ҚАЗХРОМ» ТҰК» АҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Көкейіме қонғаны – жер мәселесі және жер қойнауындағы табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені. Сол жөнінде нормативтік тұрғыда бекітілуін қалаймын. Сондықтан, өзімнің ұжым да, өзім де референдумға барамын, басқараларды да шақырамын.
 
Өскемен қаласындағы ана мен бала орталығында өткен диалог алаңында да Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды.   Мәжіліс депутаттары референдумға қатысушы әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтты. Жаңа Қазақстан жаңа демократиялық және  саяси өзгерісті талап етеді.
 
Маржан ДАЙРАБАЕВА, ШҚО АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Халық таңдаған депутат, әрине, жұмыс істейді. Жауапкершілігі жоғары болады, әр сөзіне, әр бағдарламаға жауап бере алады.


Г. Сейтенова