Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қызылжар ардагерлері халықты жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырады

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
772
Қызылжар ардагерлері халықты жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырады

Қызылжар ардагерлері халықты жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырады. Аға буын өкілдері Конституцияға өзгеріс енгізуді  қолдап отыр. Бүгін Петропавлда өткен бастауыш партия ұйымдарының алқалы отырысында олар референдум мәселесін талқылап, көкейінде жүрген ойларымен бөлісті. Айтуларынша, референдум бұл демократияның  бір белгісі. Ақсақалдар әрбір  өзгеріс халықтың әл-ауқатын жақсартады, дейді. Теріскейде 300 мыңнан астам дауыс беруші болса, оның үштен бір бөлігі- зейнет жасындағылар.

Жангелді ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мен ардагерлерді дұрыс таңдау жасауға шақырамын. Біз -ел тәуелсіздігінің куәсіміз. Бүкіл қиындықтарды бірге бастан кешірдік. Елдің болашағына аса жауапкершілікпен қарайық. Тәуелсіздікті әрдайым іспен дәлелдеп отыру керек деп санаймын.

А. Құрманкин