Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада қызғалдақ гүлдеді

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
991
Елордада қызғалдақ гүлдеді

Елордада қызғалдақ гүлдеді. Бас қала қызылды-жасылды түрге еніп, айнала жайқалып тұр.  Мамандардың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы әлде де жасыл-желекке бөленіп, көркейе түспек. Алдағы уақытта  тағы   1 миллионға жуық гүлмен қоса, тал-терек  егу жоспарда бар дейді.  

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Елордада соңғы 10 жыл ішінде алғаш рет қызғалдақ гүлдеді. Өткен жылдың күзінде қалада 130 мыңнан астам қызғалдақтың түйнегі егілген. Сол енді гүлдеп, қаламыздың сәнін келтіріп тұр. Қызыл, қызғылт және сары жайқалған қызғалдақтар көздің жауын алады.

Көпті қызықтырған қызғалдақтар қазір жайқалып тұр. Қызыл сары, алуан түрлі гүлдер айналаға көрік беріп, жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

БЛИЦ:


- Қаламыз көркейіп, әдемі болып жатыр, сыртқа шықсаңыз көзіңіз жайнайды.

- Да красиво конечно цветы по городу, идешь глаза радуется.


Мамандардың айтуынша, 2020 жылдан бастап әсемдік үшін көпжылдық гүлдерге баса мән беріліп келеді. Олар қаланың климаттық жағдайларына төзімді  дейді.

Ерназар СЕРІКБАЕВ, БАС АГРОНОМ:

Осы теплицада көпжылдық гүлдерді өсіреміз. Негізі жоспар бойынша бір жылдық гүлдерді қалада азайтып, көпжылдық гүлдерге көшетін жоспар бар. Ең бірінші гүлдейтін гүлдер ғой. Сондықтан ең бірінші адамдар көргенде қуанып, риза болып. Өзгеріске былай жақсы болып тұрады.  

Биыл тағы да біраз гүл егу жоспарланған. Қазір оған дайындық жүріп жатыр.

Дархан РҮСТЕМ, БРИГАДИР:

Питуния әртүрлі гүлдер ғой. Осы ертең бастағанды, гүлді егуді қала күніне дейін егіп бітіп, дайындап қоюымыз керек.

 
Елорда тұрғындары үшін жасалған абаттандыру жұмыстары  қаланың барлық көшелерін, саябақтар, бақшалар мен алаңдарды түрлі түске бояп, көріктендіре түспек.  Бұл көпшілікке  жақсы көңіл күй сыйлайды дейді мамандар.

Ә. Дүкембаева